Абай облысында екі адам пештен шыққан түтінге уланып қалды

Абай облысы, пеш, түтін, улану, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 13:37 Сурет: akorda.kz
11 қаңтар таңғы сағат 8-де Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің арнайы желісіне жедел медициналық жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен екі адам түтінге ұланып қалғаны жөнінде ақпарат түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше,1961 жылы туған ер адам және 1967 жылы туған әйел түтінге уланып қалған.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, оқыс жағдайға жылыту пешінің мұржасындағы ақау себеп болған.

"Олар Семей қаласының "Бүйрек орталығының мекемесі" токсикология бөліміне жатқызылды. Абай облысының ТЖД құтқарушыларының көмегіне мұқтаж болмады".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түтінге уланған ер мен әйелдің жағдайын дәрігерлер "орташа ауыр" деп бағалады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: