Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру шарасы қалай іске асады

ҚР ІІМ, Шетелдік көлікті тіркеу, шет елдік көлікті заңдастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 15:12 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру рәсімі қалай өтетінін баяндап берді.

"Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді. Ережелер бүгін жарияланғанын ескерсек, олар 2023 жылғы 23 қаңтарда, дүйсенбіде күшіне енеді. Сол күннен бастап біз заңдастыруды бастаймыз. Қандай жағдайда автокөліктер 200 мың теңге көлемінде алым төлеп және құтқару бажынан босатыла отырып, заңдастыруға жататыны ережеде жазылған". Игорь Лепеха

Заңдастырудың мынандай критерийлері белгіленді:

  1. Көлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек.
  2. Іздеуде болмауы керек.
  3. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған.
  4. Қажет болған жағдайда кедендік ресімдеуден өту.

Ережелер 2023 жылғы 1 шілдеге дейін әкелінген және жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жеңіл автомобильдерге, шағын және орта габаритті автобустарға және жалпы салмағы 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк көліктерге жүреді.

Меншік иесі төрт құжат ұсынуы керек:

  • өтінім;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • осы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін арнайы нөмірді тексеру үшін көлік Мамандандырылған ХҚКО жанынан құрылған тексеру бекетіне жіберіледі. Нөмірді ішкі істер органдарының сот-медициналық сарапшысы тексереді. Тексеруден өткеннен кейін екі күн ішінде көліктің заңдастыруға жататын-жатпайтыны жөнінде шешім қабылданады.

Тексеру сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына көлік құралын тіркеу үшін Арнайы ХҚКО-ға келу қажет екенін жөнінде қысқаша хабарлама жіберіледі.

Тіркеу үшін көлік құралының иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым, техникалық төлқұжат (4 313 теңге) пен мемлекеттік нөмір (9 660 теңге) үшін мемлекеттік баж салығын төлейді және құжаттардың түпнұсқасын (шетелдік техникалық паспорт, меншік құқығын растайтын құжат) Мамандандырылған ХҚКО қызметкеріне ұсынады.

Барлық рәсім аяқталғаннан кейін автокөлік иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірі беріледі.

"Заңдастыру аяқталғанға дейін біз рейд жүргізбейміз. Бірақ мен сіздерге ескертемін, заңдастыру аяқтала салысымен біз "Заңды жүргізуші" рейдін жүргіземіз. Сол кезде шетелде һесепке қойылған көліктердің бәрінің тіркелгені жөнінде құжаты бар ма, жоқ па, соны тексереміз.” Игорь Лепеха

Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді қазіргі заңдастыру бір реттік науқан екенін ескертті. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелде есепке қойылған автокөлікті сатып алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасында уақтылы тіркеу талаптарын орындауы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: