Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы екі аптадан соң аяқталады

Шетелдік көліктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2023 13:36 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап, елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтуде. Сондай-ақ 2023 жылдың 22 мамырынан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.

"Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін). Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді".ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев


Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады.


"2023 жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады", – деді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: