Жаңалықтар тізбегі
0

ХХХ қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты Лейк-Плэсидте өтті

Универсиада-2023 басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 09:30 Сурет: Instagram/lakeplacid2023
13 қаңтарда Лейк-Плэсидте (АҚШ) ХХХ қысқы Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі болды. Оған Қазақстан да қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Универсиада-2023 ашылу салтанатының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 05:50-де басталды. Оны Qazsport телеарнасынан көруге мүмкіндік болды.
Көрермен біздің команданың мұз айдынына шығуын асыға күтті. Сөйтіп олар шықты...  Біздің спортшылар көрнекті жабдықтары мен жүздеріндегі күлкісімен таңғалдырды.

Әлемнің 50 елінен барлығы 1443 спортшы қысқы Универсиаданың жүлделеріне таласады.
Қазақстаннан тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы, шорт-трек, шаңғымен секіру, сноуборд, конькимен жүгіру сияқты спорттың 12 түрінен қатысуға 78 студенттер аттанды. Лейк-Плэсид ареналарында барлығы 86 медаль жиынтығы ойнатылады.

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бұған дейін Оңтүстік Кореямен алғашқы кездесуін өткізіп, 5:1 есебімен ірі жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: