Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Шорт-трек, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2023 11:15 Сурет: prosports.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Спорт Шредингера" telegram арнасының мәліметінше, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов 2:47,757 деген нәтиже көрсетіп, аралас эстафетада жұбаныш финалының жеңімпаздары атанды, бірақ басты финалда бірден үш команда тысқары қалды: Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытай.

Нәтижесінде Францияға (2:50.946) алтын, Қазақстанға күміс, ал Жапонияға (2:48.561) қола медаль бұйырды.

Сондай-ақ, үш алтын, екі күміс және екі қола медалы бар Қазақстан үздік ондыққа да енгені айтылады.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: