Жаңалықтар тізбегі
0

Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореямен кездесуде жеңіске жетті

Универсияда-2023-те Қазақстан жүлде алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 09:56 Сурет: hcbarys.kz
Универсиада өтіп жатқан АҚШ-тағы Лейк-Плэсидте Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнап, 5:1 есебімен ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасының голдарын Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) және Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) гол соқты.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер келесі кездесуін 13 қаңтарда өткізеді, Венгрия құрамасымен ойнайды.

Бұған дейін 2023 жылғы Қысқы Универсиада 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқаны хабарланған еді. 1500-ден астам спортшы спорттың 12 түрінен бақ сынасады. Оның ішінде жас үміттілер де, өз пәндеріндегі жетістікке жеткен жұлдыздар да бар. Байқауға 17 мен 25 жас аралығындағы университет студенттері қатыса алады.

Қазақстанның намысын тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы, шорт-трек, шаңғымен секіру, сноуборд, конькимен жүгіру сияқты 12 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғайды.

Хоккей турниріне Қазақстанның студенттер құрамасы қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінген, хоккейшілеріміз В тобында ойнайды. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін де кездесу өтеді.

Қазақстан құрамасының алдағы турнирге қатысу кестесі:

  • 2023 жылғы 13 қаңтар – 00:00, Корея – Қазақстан.
  • 2023 жылғы 13 қаңтар – 20:30, Қазақстан – Венгрия.
  • 2023 жылғы 16 қаңтар – 07:00, Қазақстан – Ұлыбритания.
  • 2023 жылғы 17 қаңтар – 03:30, Қазақстан – Словакия.
  • 2023 жылғы 18 қаңтар – 20:30, АҚШ – Қазақстан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: