Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептегі жемқорлық: Оқушылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылды

Ақшаны жымқырды мектепке бөлінген, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 16:49 Сурет: Zakon.kz
Елордада оқушылардың тамағына бөлінген қаражатты қызметкерлерге таратып тастаған. Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, мектептегі балалардың тамағына бөлінген қаражатты тиімді иегеруге қатысты мәселе бар. 2021 жылы қаржыландыру жоспары бойынша 1 млрд теңге қарасатырылған. Білім беру басқармасы нысандарының шын мәніндегі шығыстары 264 млн теңгені құрады.

Ол №60 мектеп-лицейі 108 млн теңгені, №37 мектеп – 59 млн теңгені, №72 мектеп-лицейі – 31 млн теңгені, №22 мектебі 4 млн теңгені бюджетке қайтару керек екенін айтты. Өйткені, бұл қаражат бюджеттен тек балалардың тамағына бағытталған.


1,1 млрд теңге білім беру нысандарына берілді. Тиімсіз игеру бойынша айырмашылық 815 млн теңгені құрап отыр. Егер қағаз жүзінде 264 млн теңге расталып жатса, онда осы соманы ғана беріп, қалған ақшаны бюджетке қайтару керек. Қаражатты қайтарудың орнына, олар ақшаны сыйақы, үстемеақы ретінде игерген. Біз осында әр тиынды санап отырсақ, аталған нысандарда сыйақыға миллиондап қаражат бөліп жатыр. Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: