Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде аяз күшейетінін ескертті
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, батысында, орталығында облысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, облыстың батысында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, Ақтауда оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы ауданы мен тау бөктерінде қатты аяз болады: -30С...-34С. Таразда тұман болып, түнде сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болатыны болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Таулы аймақтарда жаяу бұрқасын жүреді. 14 қаңтарда түнде облыстың таулы ауданы мен тау бөктерінде сынап бағаны 25 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда таңертең және түстен кейін қарлы боран болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.