Литва – Латвия магистарльды газ құбыры желісінде жарылыс болды

Оқыс оқиға Сурет: Facebook/Gintautas Geguzinskas
Литваның солтүстігіндегі Пасвальск ауданында магистральдық газ құбыры желісінде жарылыс орын алып, арты өртке ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, жОқиға орнына 6 өрт сөндіру звеносы тартылды. Полиция да жарылыс алған аумақты қоршауға алды. Жедел штаб құрылды.

"Өрт оқшауланды, газ беру тоқтатылды. Өрттің беті қайтты, ол бірте-бірте сөнуі керек", - деді Литваның өртке қарсы және құтқару департаментінің өкілі.


Сонымен қатар, жарылыс орнынан шамамен 500 метр қашықтықта орналасқан Валакелай ауылының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялау кейінге қалдырылды. Алайда онда автобустар жіберіліп қойды. Сондай-ақ, адамдарды қабылдау үшін екі мектеп дайындалғаны хабарланады. Пасвалис тұрғындарына терезелерді жауып, сыртқа шықпауға кеңес берілді.


Оқыс оқиға

Сурет: Facebook/Gintautas Geguzinskas


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз