Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы басталды. Трансляция

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 11:00 Сурет: gov.kz
Қазақстанда сағат 11-00-де Сенат депутаттарының сайлауы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек суырылып алға шықты. Оған 200 адам дауыс берген. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирамбек Ақмұратов 69 дауыс иеленді. "Барлығына қарсымын" деп 7 адам дауыс берген. Екі бюллетень жарамсыз деп танылды.

Ақмола облысында көп дауысқа Талғат Жүнісов ие болды. Оған 199 адам дауыс берген. Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы "Bolashaq saraiy" мекемесінің басшысы Айнагүл Балташева - 7, Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова - 6, "барлығына қарсымын" - 7 дауыс.

Талғат Жүнісов Ақмола облыстық мәсихатының хатшысы болып табылады.

Ақтөбе облысында Амангелді Нұғманов көп дауыс жинады. Оған 148 адам дауыс берген. Ақтөбе облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова - 15, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров - 11, "барлығына қарсымын" - 4 дауыс.

Амангелді Нұғманов - Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы. 

Алматы облысында қазіргі Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев көп дауыс жинады. Оған 154 адам дауыс берген. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас 24 дауыс иеленді. "Барлығына қарсымын" деп 7 адам дауыс берген.

Атырау облысында Әлібек Наутиев көп дауыс жинады. Оған 81 адам дауыс берген. Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағит Шеркешбаева - 30, "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты" РМҚК директоры Ғылман Сәрсемалиев - 6, "барлығына қарсымын" - 1 дауыс. Бір бюллетень жарамсыз болып шықты.

Әлібек Наутиев - Атырау облыстық мәслихатының депутаты .

Батыс Қазақстан облысында Арман Өтеғұлов 127 дауысқа ие болып, алға шықты. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры Ақылбек Сұлтанов - 25, Батыс Қазақстан облысы туристік қауымдастығының директоры Айболат Құрымбаев -15, "барлығына қарсымын" - 3. Екі бюллетень жарамсыз деп танылды.

Арман Өтеғұлов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 

Жамбыл облысында Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев көп дауыс жинады. Оған 158 адам дауыс берген. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ аудандық білім бөлімі, "Тірек мектебі" мекемесінің директоры Сұлтан Өсербаев 18 дауыс иеленді. "Барлығына қарсымын" - 1 .

Қарағанды облысында Серік Өтешов көп дауыс жинады. Ол 147 дауысты иеленді. Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина - 24, Қарағанды облыстық жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Мұрат Әбілов -15. "Барлығына қарсымын" деп екі адам дауыс берген.

Серік Өтешов - Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Қостанай облысында Ғауез Нұрмұхамбетов ең көп дауыс жинады. Оған 212 адам дауыс берген. №2 емхана бас директорының міндетін атқарушы Самат Шүменбаев - 22, AMANAT партиясы Қостанай облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Құйшинова - 17. "Барлығына қарсымын" - 4.

Ғауез Нұрмұхамбетов - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Қызылорда облысында Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов 95 дауыс иеленді. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов одан қалыс қалып, 27 дауысқа ие болды. "ҚазСушар" РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов - 18. "Барлығына қарсымын" - 1.

Маңғыстау облысында Бекбол Орынбасаров көп дауысқа ие болды. Оған 85 адам дауыс берді. "Идальго Ақтау" ЖШС-ның бас директоры Ирина Беляева - 16, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің басшысы Ғаббас Досатов - 16. "Барлығына қарсымын" - 1 . Бір бюллетень жарамсыз деп танылды.

Бекбол Орынбасаров бүгіндері Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып табылады.

Павлодар облысында облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов ең көп дауыс жинады. Оған 148 дауыс берілді. Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова -21, "барлығына қарсымын" - 1.

Солтүстік Қазақстан облысында Гүлмира Кәрімова ең көп дауыс жинады. Оған 144 дауыс берілді. "ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы" СҚО филиалының директоры Лаура Қайыржанова 32 дауыс иеленген, үш адам "барлығына қарсымын" деп дауыс берді.

Гүлмира Кәрімова - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы. 

Алматыда Жанна Асанова ең көп дауыс жинады, оған 23 дауыс берілген.  Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева - 8, "Youthart" қоғамдық қорының директоры Кристина Бекмырзаева – 3, Алматы сервис және технология мемлекеттік колледжінің директоры Жарқын Жаниязова  2 дауысты місе тұтты. "Барлығына қарсымын" - 1.

Жанна Асанова бүгіндері "Алматы даму орталығы" АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі болып табылады.

Елордада Бибігүл Жексенбай бәрінен көп дауыс жинады. Оған 18 адам дауыс берген. "Астана-Жылутранзит" АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Азбаевқа - 6, "Бейбітшілік пен келісім сарайы" нысанының басқарушысы Наримаш Мұхамбеталинаға 4 дауыс берілген. Бір дауыс - "барлығына қарсымын".

Бибігүл Жексенбай - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі.

Ұлытау облысында қазіргі Сенат депутаты Советбек Медебаев 37 дауыс иеленіп, басымдыққа ие болды. Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Ахат Құрмансейітов - 11, "Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС директоры Ержан Тоқымбаев - 10, "барлығына қарсымын" - 2 дауыс. Бір бюллетень жарамсыз деп танылды.

Шығыс Қазақстан облысында Шәкәрім Бұқтығұтов ең көп дауысқа ие болды. Оған берілген дауыс саны – 104 дауыс. "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ бас директоры Ержан Әшімовке – 8, Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светашқа 7 дауыс берілген. "Бәріне қарсы" - екі адам. Бір бюллетень жарамсыз болып шықты.

Шәкәрім Бұқтығұтов бүгіндері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып табылады.

Жетісу облысында Амангелді Төлемісов ең көп дауыс жинады. Оған берілген дауы саны – 100. Жетісу облысы әкімінің аппараты әдеп жөніндегі өкілі Ғабит Тұрсынбай 29 дауыс иеленді, "барлығына қарсымын" деп 2 адам дауыс берді, ал бір бюллетень жарамсыз деп танылды.

Амангелді Төлемісов қазірдің өзінде Сенат депутаты болып табылады.

Абай облысында Қайрат Тастекеев ең көп дауыс жинады. Оған 89 дауыс берілді. "Шығыстүстімет" ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Кималидин Әпенов - 10, "Эйкос" ЖШС даму жөніндегі директоры Анжела Маслова 7 дауысқа ие болды. Айта кетсек, 2 адам "барлығына қарсымын" деп дауыс берген. 

Қайрат Тастекеев Семейдегі құрылыс колледжінің директоры болып жұмыс істейді.

Сағат 11-25. ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына Шымкент қаласынан түскен үміткерлерге дауыс берудің алдын ала нәтижесі жарияланды. 

Шымкент қаласынан Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелген. Дауыс беруге қалалық мәслихаттың барлық деңгейдегі сайлаушылары-депутаттары жиналып, оған 30 адам қатысты. Ең көп дауысқа қазіргі Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров ие болды (23 дауыс). Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы Альбина Елшиева 4 дауыс иеленсе, ал Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының директоры Бауыржан Алтеев 3 дауысты місе тұтты.

Сағат 11.05. Қазақстанның бүкіл өңірінде мәслихат депутаттары Сенат депутаттығына үміткерлерге дауыс беруді бастағанын хабарлады.

Еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлаушылардың бірлескен отырысы басталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: