ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды
ҚР Парламенті Сенатының сайлауы аяқталды. Алдын ала нәтижеге сәйкес, мына адамдар Сенат депутаты атанады:
Астана - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.
Алматы - "Алматы даму орталығы" АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.
Шымкент - Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.
Абай облысы - Семейдегі құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.
Ақмола облысы - облыстық мәсихаттың хатшысы Талғат Жүнісов.
Ақтөбе облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов.
Жамбыл облысы - Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.
Атырау облысы - облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Наутиев.
Алматы облысы - Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев.
Батыс Қазақстан облысы - облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.
Қарағанды облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешов.
Қостанай облысы - облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.
Қызылорда облысы - Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.
Маңғыстау облысы - облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.
Павлодар облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов.
Солтүстік Қазақстан облысы - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Ұлытау облысы - Сенат депутаты Советбек Медебаев.
Шығыс Қазақстан облысы - облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов.
Жетісу облысы - Сенат депутаты Амангелді Төлемісов.
Түркістан облысы - Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.