Түркістан облысында газ жарылып, бір адам қаза болды

Газ жарылысы Cурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде газ баллон жарылып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 14  қаңтарда сағат 18:41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны, оқиға орнында өрт орын алмағаны туралы хабарлама түскен.

ТЖМ бөлімгшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы анықталып жатыр. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек беріп жатыр.

Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда жеке басының деректері мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орында ТЖ департаментінің қызметкерлері, құтқару техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз