Барахолка маңындағы қоймадан шыққан өртті 100-ге жуық қызметкер сөндірді

Барахолка базары маңындағы қоймадан шыққан өртті 100-ге жуық қызметкер сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіру тауарлық-материалдық заттардың тығыз жүктелуінен, сонымен бірге конструкциялардың құлауынан қиындай түскен.
Өрт шыққан жерге 100-ге жуық өрт сөндіруші, құтқарушы және 20-дан астам техника жұмылдырылған.
Өрт сағат 12:42-де ауыздықталған, яғни одан әрі тарау қаупі жоқ.
Жаңартылды: 13.18-де өрт сөндірілді.
Бөлісу
0
Толық оқу