Непалдағы ұшақ апаты: бортта қазақстандықтар болмаған

Ұшақ апаты Cурет: видео скрині
Непалда құлаған ұшақта қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Непалда 70-тен астам жолаушы отырған ұшақ құлады. БАҚ ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері тегіс қаза тапқанын хабарлап жатыр. Бортта Австралия, Франция, Аргентина, Үндістан, Ресей, Ирландия, Қытай және Оңтүстік Корея азаматтары да отырған. 

Еске салайық, жексенбіде Непалда жолаушылар отырған ұшақ апатқа ұшырады. The Kathmandu Post-тың хабарлауынша, апат Похара қаласының халықаралық әуежайында болған. Ұшақ Yeti Airlines әуе компаниясына тиесілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз