"Самұрық-Қазына" таза табысынан "Қазақстан халқына" қорына қаржы бөледі

"Самұрық Қазына", "Қазақстан халқына" қоры Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика министрлігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза табысынан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат бөлу қағидасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудиттелген қаржылық есептілік негізінде Қор компаниялары тобының таза пайдасының кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөлетіні жазылған.

Ал Қордың Қоғамдық қорға бөлінген қаражатты беруі Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және оның таза табысын бөлу туралы мәселелерді жыл сайын қарау шеңберінде немесе Қордың өткен кезеңдердегі таза пайдасын бөлу шеңберінде қабылданатын Қордың Жалғыз акционерінің тиісті шешімі негізінде іске асырылады.

Талап етілмеген қаражат Қоғамдық қоры талап еткенге дейін Қордың иелігінде сақталады. 

Құжат 30 қаңтарға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылғы қаңтарда құрылды.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз