«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі құрамынан Вячеслав Ким шығып кетті

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 19:04 Сурет: kaspi.kz
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Cұлтан) өз бастамасына сәйкес, тәуелсіз директор В.К. Ким Директорлар кеңесінің құрамынан шыққанын хабарлады. KASE баспасөз қызметі

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев, Әлібек Қуантыров.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: