Бозымбаев пен Ақышев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінен шығарылды

«Самұрық-Қазына», сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 16:34 Сурет: Zakon.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры акционерінің 2022 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Ұлттық әл-ауқат қоры KASE Қазақстан қор биржасына хабарлады.

Өзгерістер мынадай:

  • Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

  • Тимур Сүлейменов Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескерсек, «Самұрық-Қазына» басқармасы Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады. Олар: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сатқалиев А.М., Сүлейменов Т.М.

Еске сала кетейік, Данияр Ақышев – Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, 2019 жылдың сәуірінен бастап – Назарбаевтың көмекшісі.

Қанат Бозымбаев – бұрынғы энергетика министрі, 2021 жылдың қарашасынан – Алматы облысының әкімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: