Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесін басқаратын болды

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2019 18:10 informburo.kz
Директорлар құрамынан Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов шығарылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Р.Дәленов кірді.

Директорлар кеңесінің құрамынан Б.Сағынтаев, Т.Сүлейменов шығарылды.

2019 жылдың 25 ақпанында Асқар Мамин ҚР премьер-министрі болып тағайындалды.

5 наурызда ол "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: