Жаңалықтар тізбегі
0

Желі қолданушылары Ерке Есмахан мен Raim-ның қарым-қатынасын қызу талқылап жатыр

Ерке Есмахан мен Раймды желі қолданушылары талқылап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 11:14 Сурет: Instagram/erke_esmahan
Бірер күн бұрын желіде Ерке Есмахан мен Raim жүреді екен деген қауесет тараған. Күні кеше бұл қауесетке нүкте қойылды. Әншілердің екеуі де өз парақшаларына бірге түскен фотоларын жариялап, сезімдерін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Райымбек өз парақшасында Еркенің бетінен ұтсап отырған фотосын жариялап, пост астындағы сипаттамаға жай ғана нүкте қойды. Кейіннен әнші Париждегі Эйфель мұнарасының фонында Еркенің бетінен сүйіп тұрған сәтінен де фото бөлісті. Әншінің жанкүйерлері мұндай жаңалыққа сенер емес. Бұл хабар тіпті фанат еместер арасында да қызу талқыға айналып кетті.

Ал Raim болса, жанкүйерінің "Кешегіден соң барлық қыздың жағдайы жаман болып жатыр" деген сауалына "Мен бәріңізді жақсы көремін" деп жауап қайтарды.

Сын-пікірлер Еркені де айналып өтпеді. Желі қолданушылары оның жасы үлкен деп әрі бір баласы бар екенін айтып, жас жігітке қимайтынын ашық жазып жатыр. Бірақ Ерке Есмахан үнсіз қалмады. Ғашықтар қарым-қатынасын ашық жариялады. Оған қоса Ерке Райымбек туралы жылы жазба қалдырған. Онда әнші "Мен қасындамын, алтын басын төрге шығарамын" деді.

"Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасындағы тәрбие сондай. Үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Мен де дәл бүгін жүрегімнің иесіне ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек, хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр... Батыр атына лайық жігітім иманымен, ержүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, мен жан сырын өте жақсы түсінемін. Жанымыз егіз. Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарамын. Тыңдарман, оқырман! Артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға тек жақсылық тіледім", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Қызық мұнымен бітпеді. Осы хабардан соң  Raim-ның жанкүйерлері оған ренжіп, "әніңізді тыңдамаймын", "ер азамат ретінде сыйламаймын", "соңына дейін сенбеген едім" деп назданды. Десе де, жанкүйерлердің ойы әртүрлі. Кейбірі жастарға бақыт тілеп, олар үшін қуанып жатыр. Ал басқалары мұндай тосын жаңалықты қабылдай алмай, ойы сан-саққа бөлінгенге ұқсайды.

Сонымен қатар желіде Raim-ның 7 жыл бірге жүрген қызы болғаны туралы жазбалар да пайда болды. Кейбірі Raim-ды "үйленейін деп жүрген қызын тастап кетіпті" деп сөкті. Кейіннен Райымбектің бұрынғы қызы Наргиза да бұл жаңалыққа пікірін білдіріп, көп салу болмағанын, өзінің өмірі қызық екенін айтты.

"Жылы лебіз білдіргендеріңізге рақмет. Көбі айтқандай көзге шөп салу болған жоқ. Иә, жеті жыл кездестік. Ата-аналарымыз танысып, қыркүйекте той болғалы жатыр еді. Бірақ жағдай біз ойлағандай болмады. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол үнемі маған келіп жүрді. Екеуімізбен қатар кездескен кездері де болды. Оның бұл әрекетін мен дұрыс көрмедім. Мен соңғы сөзімді айтқаннан кейін осы жағдай болып жатыр. Бұл көзге шөп салу емес", - деп пікірін білдірді Raim-ның бұрынғы қызы Наргиза.

Сонымен қатар Ерке қазір фотоларда "хит" болып жүрген көк кофтасын сататынын жазды. Айта кетейік, қазір әншідер Еуропа елдерінде саяхаттап жүр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: