Қарағанды ​​облысында есірткі сату арнасы жойылды

Есірткі, Қарағанды облысы полиция департаменті Сурет: Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қарағанды ​​облысында синтетикалық есірткіні таратқан деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олар "синтетиканы" әлеуметтік желі арқылы сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар есірткіні әлеуметтік желілер арқылы және арнайы құрылған сайт арқылы белгіленген схема бойынша сатқан. Полицейлер жалдамалы пәтерді тінту кезінде ақ түсті зат салынған 90 орама тапты. Сараптама сатуға дайындалған есірткінің жалпы салмағы 603 грамм екенін көрсетті.

Күдіктілер қамауға алынды. Олардың екеуі қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз