Атырауға басқа өңірден жұмыс істеуге келген ер адамнан1500 доза есірткі тәркіленді

Есірткі, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 21:30 Сурет: polisia.kz
Қала аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісімен айналысқан деген күдікпен 29 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғынын анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіні тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 50 орама, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 3 зип-пакет тәркіленді.


"Тексеру жұмыстары кезінде күдіктінің Атырау қаласына тамыз айында жұмысқа орналасуға келгені анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 447,89 болатын және 1500 дозаны құрайтын синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды."

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: