Жаңалықтар тізбегі
0

DIGITAL ALMATY AWARDS 2023 сыйлығын алу үшін өтінімдерді жинау басталады

Алматыда форум өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 15:24 Сурет: Digital Almaty
«Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» халықаралық технологиялық форумы аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табыс етіледі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің хабарлайды.

Жеңімпаздар алты номинациялар бойынша белгіленеді:

• EdTech Company of the Year

• MedTech Company of the Year

• FinTech Company of the Year

• e-Commerce Company of the Year

• Woman in Tech of the Year

• Venture Capitalist of the Year

IT-саласындағы барлық компаниялар Digital Almaty Awards бөлімінде «Өтінім беру» батырмасын басып, форумның almatydigital.kz сайтында сыйлық алуға өтінімді бере алады. Өтінімдер 21 қаңтарға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 2-3 ақпанында «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форум барысында марапатталады.

Алғашқы рет сыйлық «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында 2020 жылы берілген, онда 10 цифрлық жобалар ұсынылған, оның ішіндегі 8-і «IT-чемпионы» санаттағы Қазақстанның үздік IT-компаниялары өнімдері және 2 жоба Astana Hub брендтегі стартаптар болып табылады.

Digital Almaty – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.


 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: