Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат цифрлық активтер туралы заңды мәжіліске қайтарды

ҚР парламенті, Цифрлық активтер туралы заң, майнинг, биткоин, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 12:17 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының 19 қаңтардағы жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заң мен оған қатысты түзетулер пакетін мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz. тілшісі.

Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, заңды талқылау кезінде бірқатар өзгерістер енгізу қажет болды.

"Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрлерінің атауларын нақтылау, жекелеген нормаларды қолданысқа енгізудің мерзімдерін айқындау," – делінген қорытынды құжатта.

Осыған байланысты депутаттар құжатты мәжіліске қайтару жөнінде шешім қабылдады.

Жалпы, заңның Қазақстан Республикасында цифрлық активтерді шығару және айналымы, цифрлық майнинг бойынша қызметті дамытудың құқықтық негіздерін құруға бағытталғаны атап өтілді.

Сондай-ақ сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер, ақпараттандыру және соттық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды толықтырып, мәжілісмендерге қайтарды.

Әзірлеушілер бұрын атап өткендей, бұл заңдар цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастырып, осы салаға көбірек инвестициялар тартады деп күтілуде, бұл одан әрі жалпы Қазақстан экономикасының дамуына, оның бәсекеге қабілеттігін арттыруға және мемлекеттік бюджетке кірістерді арттыруға ықпала етеді.

"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заңға Парламент депутаттары бастамашы болды. 2022 жылғы 12 қазанда Мәжілісте негізгі құжат және оған қатысты түзетулер пакеті бірінші оқылымда мақұлданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: