Қазақстанда алғаш рет шахматтан әлем чемпионын анықтайтын матч өткізіледі

Шахмат Сурет: wikimedia, flickr
2023 жылдың 7 сәуірі мен 1 мамыр аралығында Астанада әлемдік шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін тартысты матч өткізіледі. Әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий (Ресей) мен қытайлық Дин Лижен өзара бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

FIDE баспасөз қызметінің мәліметінше, матчтың жүлде қоры 2 млн еуроны құрайды, оның 60%-ы жеңімпазға, ал 40%-ы үміткерге беріледі. Осылайша, Астанада шахматтан 17-ші әлем чемпионының есімі анықталатын болады.

2022 жылдың 31 қазанында қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлемдегі үшінші шахматшы Ян Непомнящиймен өткізген матчта өзінің классикалық шахмат титулын қорғаудан бас тартқанын ресми түрде растады.

Үміткерлер турнирінде ІІ-ші орынға ие болған қытайлық гроссмейстер Дин Лижен шахмат тәжіне таласу құқығына ие болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз