Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы кәсіпорында май қалдығы өртенді: зардап шеккендер жоқ

Өрт сөндірушілер май қалдықтарының жануын сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 23:55 Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы
Атырауда май қалдықтары өртенді. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 19 қаңтар күні сағат 15:19-да Атыраудағы З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң Petro Export ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады", - делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен және "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС барлығы 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.


Өрт сағат 16:38-де ауыдықталып, сағат 17:41-де сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: