Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді
Сурет: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
21 маусым күні таңертең Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың жабыны өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 маусымда сағат 09:46-да Әуезов ауданы, Астана ықшам ауданы, 1/10 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімшелері шықты. Олар төрт минуттан кейін келіп, салынып жатқан ғимараттың жабыны өртеніп жатқанын анықтады, қазір таралу қаупі жоқ. 10 минуттың ішінде өрт локализацияланып, 10:09-да сөндірілді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript