Алматыда дөнер сататын орын мен сауда үйі өртенді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда құтқарушылар сауда үйінің жанындағы дөнер сататын орындағы өртті сөндірді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД дөнерханадағы өрт 05:45-те шыққанын мәлімдеді. Өрт екінші қабаттағы үй-жай мен сауда үйінің (мекен-жайы: Медеу ауданы, Меңдіқұлов көшесі, 98) шатырын қоса алғанда 150 шаршы метр аумақты шарпыған.
Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына 05:50-де жетті (жақын өрт сөндіру бекетінен қашықтығы 2,7 шақырым). Өрт 06:16-да оқшауланып, 06:30-да сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтты.
Өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript