Алматы облысында тұрғын үй өртенді

Алматы облысы, өрт сөндірушілер, өрт, тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 14:35 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жеке тұрғын үй өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 сәуір күні сағат 10:51-де Алматы облысы Райымбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.

127 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 11:50-де анықталып, 12:13-те сөндірілді (100 шаршы метрі – үй және 27 шаршы метрі – уақытша баспана). Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Алматы облысы ьөтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: