Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар психологиялық кеңесті Telegram бот арқылы ала алады

Психологиялық көмекті телеграм бот арқылы алуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 13:58 Сурет: pexels
Қазақстанда ментал саулық бойынша бірыңғай ақпараттық қызмет көрсететін пилот жоба іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен психикалық денсаулық бірыңғай ақпараттық қызметінің пилоттық жобасын іске қосады", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Енді жаңа қызметтің көмегімен психикал денсаулыққа қатысты кез-келген сұрақ мазалаған жағдайда ақпарат алу мүмкіндігі бар. Ақпататты мына тәсілдермен алуға болады:

1) Телеграмм боты - @Mental_SupportBot

2) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 3580 нөмірі бойынша Call орталығына қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін).

Сонымен қатар азаматтар психологтың тегін кеңесіне жазыла алады. Ол үшін www.mentalcenter.kz сайтында "Психолог консультациясы" бөлімін таңдап, өтінім нысанын толтыру қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: