Жаңалықтар тізбегі
0

"Болашақ" бағдарламасының Telegram-боты іске қосылды

әлеуметтік желілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 15:25 Сурет: unsplash
Халықаралық бағдарламалар орталығы Болашақ бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері үшін Bolashaq.Cip Telegram ботын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнадан шетелдік ЖОО-ларға түсу туралы барлық қажетті ақпаратты, «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге дайындық жөнінде кеңестерді алуға болады.

"Болашақ" бағдарламасының үміткерлерімен, стипендиаттарымен, түлектерімен кері байланыстың тиімділігін арттыру үшін Telegram мессенджерінде бот іске қостық, - делінген хабарламада.

Стипендиаттар бот арқылы оқу шартын жасау үшін қажет құжаттардың тізімін, стипендияны есептеу, шығындарды аванстау, кепілді ауыстыру және тағы басқа көптеген мәлімет алады. Сонымен қатар стипендиаттардың арна арқылы жеке куратормен байланысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар. Оған қоса, олар оқу және тағылымдамадан өтуге шарт жасау үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына баруды алдын ала брондай алады.

"Болашақ" бағдарламасы түлектерінің арнайы калькулятордың көмегімен еңбекпен өтеу мерзімін есептеуге, кепіл мүлкінің ауыртпалығын алып тастау туралы ақпаратты алуға және жұмысқа орналасуға өтінім қалдыруға мүмкіндігі бар.

Кеңес беруге әркезде ашық екенімді естеріңізге саламын. Сонымен бірге менімен тікелей байланысуға болатынын атап өткім келеді. WhatsApp: +7 776 125 57 71, - деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: