Жаңалықтар тізбегі
0

Салыққа қатысты кеңес беретін сандық кеңесші іске қосылды

Мемлекеттік кірістер комитеті, телеграм-бот, чат-бот, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 17:43 Сурет: pixabay
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да @SalyqBot чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

@SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, мынандай функциялары бар:

  • пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;

  • салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

  • қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

  • жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

  • пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;

  • заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: