"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына қуанышты жаңалық

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына қуанышты жаңалық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 18:31 Сурет: Zakon.kz
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ бүгін, 2025 жылғы 11 қарашада "Болашақ" стипендиаттарына арналған маңызды хабарламаны бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Болашақ" бағдарламасы жаңа "Болашаққа көпір" жобасын іске қосады. Бұл жоба стипендиаттарға әлемдік білімге жол ашумен қатар, кәсіби тұрғыда өсуге нақты мүмкіндік береді. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ жүзеге асырып жатқан бұл бастама таланттар мен мансаптық мүмкіндіктерді біріктіріп, білім, бизнес және мемлекет арасындағы заманауи өзара іс-қимыл экожүйесін қалыптастыруды көздейді", - делінген орталықтың ресми Telegram-арнасында.

Жобаның басты мақсаты – шетелде алынған академиялық білімді Қазақстан еңбек нарығының сұранысымен ұштастыру.

"Енді стипендиаттар оқу кезінде-ақ қазақстандық компаниялардың нақты зерттеу және өндірістік тапсырмаларын орындай алады. Мұндай тәсіл жұмыс берушілерге алдын ала даярланған мамандарды табуға мүмкіндік берсе, түлектерге елге оралған соң мансап жолын сенімді бастауға жағдай жасайды. Бұл бастама адам капиталының жаһандық даму үрдістеріне сай келеді және білімге салынған инвестициялардың Қазақстан экономикасына нақты пайда әкелуін көздейді", - деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.

Айта кетейік, жоба туралы толық ақпарат "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына жеке жолданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: