"Болашақ" бағдарламасына үміткерлерге маңызды ескерту жасалды
Фото: Zakon.kz
"Болашақ" бағдарламасымен білім алғысы келетін қазақстандықтарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта белгісіз адамдар өздерін орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, ақша аударуды немесе "Болашақ" пен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламаларына түсуге байланысты ақылы "сүйемелдеу қызметтерін" ұсынуды көбейткен.
Барлық қызметтер тек Орталықтың қызметкерлері арқылы және әрдайым тегін көрсетілетінін ерекше атап өтеміз. Қызметкерлер тек @bolashak.gov.kz домені бар корпоративтік электронды пошта мекенжайларын пайдаланады, – деп жазылған ресми ақпаратта.
Барлық ресми ақпарат келесі ресми ресурстарда жарияланады:
- сайт: bolashak.gov.kz
- Instagram: @bolashak.cip
- Telegram-арна: BOLASHAK NEWS
"Сіздерден барынша сақ болып, бөгде адамдардың ұсыныстарына сенбеуді және тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз." "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ
2025 жылғы 9 тамызда "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасының иегерлерінің тізімі жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript