Жаңалықтар тізбегі
0

Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған операцияның ақысы қалай төленгенін айтты

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, кардиохирург, Назарбаев, операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 16:51 Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бөлімінің директоры Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне жасалған операцияның құны қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юрий Пя Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы екенін, наркоздан оянғанын мәлім етті.
"Бізде әрбір емделушіге ерекше жағдай жасалған, оны өзіңіз көре аласыз, бізде VIP деген ұғым жоқ – әрбір пациент біз үшін VIP". Юрий Пя

Сондай-ақ ол еліміздің бұрынғы президентіне жасалған операцияның құнына да тоқталып өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев емхананың пациенті және Қазақстан азаматы. Қазақстанның әрбір азаматы міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек ала алатынын білесіз. Процедура тегін болды. Бұл процедуралардың ақысы бюджет есебінен өтеледі әрі Қазақстанның бір де бір азаматы мұндай операцияға ақы төлемейді. Ал неге біз Нұрсұлтан Назарбаевқа басқаша қарауымыз керек? Адам өмірі болғандықтан, мұндай операцияның құны ақшамен өлшенбейді.Юрий Пя
Кардиохирургтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ауруханадан таяу ақытта шығуы мүмкін. Мұндай шешімді осы процедураға қатысқан бүкіл команда бірлесіп қабылдайды. Процедураны қайта жасау қажет пе, ол оның денсаулық жағдайына байланысты шешіледі.

"Иә, бұл процедура қаржы тұрғысынан алғанда, қымбат, дегенмен мұндай операцияны Қазақстан азаматтарына жасауға мүмкіндігіміз бар. Жасалған әлгі процедура бізде күніне бірнеше реттен жасалады". Юрий Пя
Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа "мұндай операция алғаш рет жасалғанын" нақтылады.

2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай операция сәтті өткенін хабарлады. Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: