Елордалық құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды

zakon.kz Фото: zakon.kz
Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа түсіп кеткен. Оны шақырту бойынша оқиға орнына жеткен елордалық құтқарушылар аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 20 қаңтарда орын алды. Оқыс жайт туралы құтқарушыларға сағат 15:08-де ақпарат келіп түсті.

Шақырту орнына келіп жеткен елордалық ТЖД 3-МӨСБ өрт сөндірушілері және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткені анықталды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды.

Бұдан әрі ер адамды жылы орап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз