Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастырудың тез әрі дұрыс рәсімдеу жолдары

МХҚКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2023 11:03 Сурет: pixabay
Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өтудің жолдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өту жолдары келесідей:

1. Ең алдымен, сіз eGov.kz порталы арқылы деректерді тексеруге өтініш беруіңіз керек. Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері, еліміздің кез келген ХҚКО-ларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өтініш бере алады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет.

2. Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бас тарту себептерін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуыңыз керек. Сіздің өтінішіңіз қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшін МХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағында «кезекке тұру» батырмасын басып, мекенжайлар тізімінде көрсетілген МХҚО-ның бірін таңдап, соныңда күні мен уақытын белгілеу керек. Алдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда, азаматтарға қызмет көрсетілмейді.

3. Заңдастыруға рұқсат алған автокөлікті МХҚО-ның тексеру пунктіне белгіленген уақыттан 20 минут бұрын әкелу керек. Талонды тексеру пунктінде немесе "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

4. Тексеруді толық өткеннен кейін, сіз автокөлікті тіркеу үшін МХҚО ғимаратына өтуіңіз керек. Одан әрі, сіз қызметкерге автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын және көліктің шетелдік техникалық паспорттын тапсыруыңыз қажет.

5. Осыдан кейін алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңге мөлшерінде төлейсіз. Төлемді QR арқылы орталықта төлеуге болады.

6. Төлем жүргізілгеннен кейін сол күні сізге техникалық паспорт және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.


"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады. Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды", делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: