Амстердамда ұлттық мереке – Қызғалдақтар күні тойланды

Қызғалдақ Сурет: pixabay
Амстердамда ұлттық мереке – Қызғалдақтар күні тойланды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара аясында биыл мұражай алаңының бақшасында 200 мың қызғалдақ отырғызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасың хабарлауынша, мерекелік шара отшашумен басталып, мыңдаған адамға гүл таратумен өтті. Сонымен бірге жиналған жұртқа кәсіби түрде қызғалдақ өсіретін мамандар дәріс беріп, гүл өсіру бойынша кеңестер ұйымдастырылды.

Еске салайық, Нидерланд әлемдегі ең ірі қызғалдақ өсіруші ел болып есептеледі. Бір маусымда голландиялық өндірушілер 2 млрд-қа жуық қызғалдақ егіп, оны 100-ден астам мемлекетке экспорттайды екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз