Жетісу облысында пойыз бен трактор соқтығысып, бір адам мерт болды

Қайғылы оқиға Сурет: Instagram/zhetysu.police
2023 жылы 23 қаңтарда Жетісу облысы Қаратал ауданында трактор мен жүк пойызы соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, оның бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті жол апаты Қанабек ауылындағы теміржол өткелінде орын алғанын нақтылайды.

"Жүк пойызы тракторды қағып кеткен. Оқиға орнынан аудандық ауруханаға екі адам жеткізілді, дәрігерлер қанша жанталасқанымен олардың бірі - 41 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Екінші жарақат алған 18 жастағы жігіт медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Екеуі де трактор салонында болған". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз