Шекарашының өлімі: Адвокат Пірәлиев іс деректерін жария еткені үшін жазалануы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Өз-өзін қол жұмсауға жеткізді деп айыпталғанның мүддесін қорғаушы, адвокат Сержан Пірәлиев қылмыстық істің деректерін жария еткені үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қаңтарда адвокат әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Ол ДНК талдау кезінде анықталған фактілерге тергеушілердің назар аударуын сұрады. Сондай-ақ Пірәлиев сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын айтты.
"Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады. Ол белбеуіне асылулы тұрған күйінде табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript