Жаңалықтар тізбегі
0

Бір күнде танылған талант. "Ұстазым" әнін тамаша орындаған баланың кім екені анықталды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 21:55 Сурет: видеодан алынды
Таяуда әлеуметтік желіде мектептегі іс-шаралардың біріне қатысып отырған топ бала "Ұстазым" әніне қосылып орындаған видео пайда болды. Балалардың ішінде тек біреуі дауысымен ерекше көзге түсіп, бұл видео 3 миллионнан астам қаралым жинаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елді сүйсінткен 10 жастағы бүлдіршін Алматыда 4-сынып оқиды. Айбар дәл осы байнежазба арқылы танымал боламын деп ойламағаны анық. Алайда сүйкімді бүлдіршіннің белгілі әнді кәсіби мақаммен орындауы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Димаш Құдайбергеннің болашақ ізбасары деп үміт еткендер де бар. Осынша ықыласқа Айбардың өзі де аң-таң, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Өте күшті сезімдемін. Себебі менің қасымда әнші тұрды. Ол әнші өте танымал. Мен футболға қатты құмармын. Математикадан олимпиадаға қатысқанда бірінші орын алып келдім. Болашақта ән айтатын футболист немесе футбол ойнайтын әнші боламын". №201 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы Айбар Әбдіәмит

Айбар – жан-жақты бала. Математика пәнін жан-тәнімен жақсы көреді. Футбол десе ішкен асын жерге қояды. Мектепте актерлік шеберлік үйірмесіне қатысады. Отбасындағы төрт баланың екіншісі. Бір қызығы, Айбардың әкесі де ән салғанды ұнатады. Бірақ бала арманын артқа тастап, басқа саланың тізгінін ұстаған Нұрлан "Өмірлік жолын таңдауды баламның өзіне қалдырамын", - дейді.

Айбардың танымал болуына себепкер болған әнші Самат Жанғазин оның болашағына зор үміт артатынын айтады. Оның дауысымен жұмыс істеп, конкурстық әндерге бейімдеу керек екенін айтады.

"Бұлақ көрсең көзін аш", - дейді ғой қазақ. Талантты талант деп айту керек. Баланың дауысы зор. "Ұстазым" әнін айтқан кезде дауысын байқадыңыздар. Димаштың жолын берсін деймін. Әнші Самат Жанғазин

Самат Жанғазин Айбармен бірге дуэт жазуды жоспарлап отыр. Сондықтан бір күнде-ақ көптің көзқуанышына айналған Айбарды үлкен сахнадан көретін күн алыс емес.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: