Петропавл дүрлігіп кетті: Желіде жалаңаш балалардың суреттері пайда болды

Әлеуметтік желі, Петропавл, жалаңаш балалар, суреті, видеосы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 22:56 Сурет: pixabay
Желіде балалардың ұятты суреттері мен видеолары пайда болды. Петропавлдық оқушыларды қамтыған бұл контент лезде тарап, өте көп қаралым жинаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай мазмұндағы Telegram арнаның қашан пайда болғаны белгісіз, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бірақ ол өткен аптаның соңында керемет танымалдылыққа ие болған. Арнаға 10 мың адам жазылған. Балалардың аты-жөні және ұятсыз сипаттағы суреттері бар жарияланымдар әр 10 минут сайын пайда болып, сан мыңдаған қаралым жинаған.

"Балалардың порно таспаның кейіпкерлеріне қалай айналғаны түсініксіз. Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Сурет мен видеодан мектеп оқушылары өз сыныптастарын танып жатыр. Даулы арнаның авторы кім және оған қандай жауапкершілік жүктеледі, әзірге ол жағына да құқық қорғау органдары назардан тыс қалдырып отыр. Бүгінгі таңда ұятсыз мазмұндағы контент бұғатталған", делінген хабарламада.

Zakon.kz редакциясы да СҚО ПД баспасөз қызметіне сауал жолдап қойды.

Бүгін ғана Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы баяндап, әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: