"Атамның қорасы құлап қалды". Желіде жер сілкінісі кезінде түсірілген видеолар пайда болды

Жер сілкінісі, Тараз, Жамбыл облысы, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 12:02 Сурет: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 8 шілдеде түстен кейін Таразда және Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жер сілкінісі тіркелді. Әлеуметтік желіде табиғи апат кезінде түсірілген видеолар пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметінің мәліметінше, Құлан ауылында жер асты дүмпулері 6 баллды құраған. Меркеде одан сәл төмен болды - 5 балл.

Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде түсірілген кадрлар пайда болды.

Видеолардың бірінен біреудің қорасы құлап жатқанын көруге болады, ал басқа бірінде үй сылақтары түсіп қалған.

Ал ТЖМ мамандарының мәліметтері бойынша, аталған оқиғаға қатысты зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түспеген. 

Қазақстандық сейсмологтар 9 шілде күні таңертең де жер сілкінісін тіркеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: