Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 19:21 Сурет: pixabay
Синоптиктер 28 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің жеті аймағында ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Синоптиктер Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүретінін болжайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

"Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде, сондай-ақ түнде және таңертең Түркістан қаласында да тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде Петропавлда жаяу бұқрасын жүреді. Оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: