Нұр-Сұлтанда және еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 5 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысының шығысында 37 градус ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз облыс орталығында 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.
Күндіз Ақмола облысының оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысында солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің орталығында, шығысында 16 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.