1 ақпандағы саудада доллар қымбаттай түсті

Теңге, доллар, рубль, еуро, мұнай Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,35 теңгеге көтеріліп, 460,87 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 6,58 теңге (-0,14) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 68,24 теңге (-0,08) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 498,69 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459,5-463 теңге, еуро 501,5-506 теңге, ресей рублі 6,3-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 1 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Мәселен, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,55%-ға өсіп, барреліне 85,93 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері барреліне 0,76%-ға өсіп, 79,47 долларға жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз