Саудада доллар қымбаттай түсті

Теңге, доллар, рубль, юань, мұнай, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 15:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,23 теңгеге қымбаттап, 464,09 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,51 теңге (-0,44) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 500,63 теңге, рубльді 6,79 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-467 теңгеден, еуро 501-505 теңгеден, ресей рублі 6,4-6,7 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал 17 қаңтардағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,24%-ға өсіп, барреліне 84,66 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $79,29 болды, бұл алдыңғы сессияның қорытынды құнынан 0,71%-ға төмен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: