Биыл әлемде жұмыссыздар саны 3 миллионға көбейеді — Халықаралық еңбек ұйымы

Жұмыссыздық Cурет: shutterstock.com
Халықаралық еңбек ұйымының болжамынша, 2023 жылы жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-ға жетеді. Ал 2024 жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization) "Жаһандық жұмыспен қамту және әлеуметтік перспективалар: 2023 жылғы үрдістер" есебінің мәліметтеріне сай, 2022 жылдың аяғында дүниежүзінде жұмыссыздар саны 205,2 млн адам болды — 2021 жылмен салыстырғанда 11,2 млн-ға, 2020 жылғы "коронадағдарыс" кезіндегіден бірден 30 млн адамға аз. Алайда "коронадағдарыс" алдындағы 2019 жылмен салыстырғанда 13,3 млн адамға көп. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

ХЕҰ болжамынша, 2023 жылы жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-ға жетеді. Ал 2024 жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам болмақ.

2022 жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,8% болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (6,2%) және 2020 жылғы "коронадағдарыс" кезінегіден (6,9%) төмен, бірақ 2019 жылғы көрсеткіштен (5,5%) жоғары. Сонымен қатар ХЕҰ болжамынша, 2023-2024 жылдары жұмыссыздық деңгейі қазіргіден өзгеріссіз қалады (5,8%).

Жұмыссыздық деңгейі гендерлік ерекшеліктерге қарай айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, 2022 жылы әйелдерде жұмыссыздық деңгейі 5,8% болса, ерлерде арасында 5,7% болды. Ал 2023-2024 жылдары ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, әйелдер арасындағы жұмыссыздық көбейіп, 5,9% болмақ.

жұмыссыздық

Cурет: ranking.kz

Табыс деңгейі бойынша мемлекеттер тобына бөлгенде 2022 жылы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі табысы жоғары елдерде байқалды: 4,5%. Бұл ретте ХЕҰ аталған көрсеткіш 2023 жылы 4,9%-ға, 2024 жылы 5%-ға жетеді деп болжайды.

Ал табысы төмен елдердегі жұмыссыздық деңгейі қазір 5,8% болса, 2023-2024 жылдары болжам бойынша 5,7%-ға төмендемек.

Табысы ортадан жоғары елдерде (Қазақстаннан басқа, мысалы, Ресей, Түркия және Қытай сияқты елдер) 2022 жылы жұмыссыздық деңгейі 6% болды, ал 2023-2024 жылдары, ХЕҰ болжамынша, 5,8 % болмақ.

Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары елдер табысы ортадан төмен елдер: 6,2%, Болжам бойынша 2023-2024 жылдары көрсеткіш айтарлықтай өзгермей, тиісінше 6,1% және 6,2% деңгейінде болады.

жұмыссыздық

Сурет: ranking.kz

2022 жылы макроаймақтар бойынша жұмыссыздық ең төмен аймақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде байқалады: 5,2%. ХЕҰ болжамы бойынша, 2023-2024 жылдары жағдай осылай қалады, тіпті 5,1%-ға дейін төмендейді. Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы небары 2,6%, Тынық мұхиты аралдарында — 3,6%, Шығыс Азияда — 4,6%, Оңтүстік Азияда — 7,2% болды.

Батыс жартышарда жұмыссыздық деңгейі орташа әлемдік деңгейге тең: 5,8%. Болжам бойынша, көрсеткіш 2023 жылы 6,1%-ға, 2024 жылы 6,2%-ға дейін өседі. Бұл ретте Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде бұл көрсеткіш 7% болса, 2024 жылы ол 6,9%-ға дейін төмендейді, ал Солтүстік Америка елдерінде (АҚШ және Канада) бар болғаны 3,8%, бірақ 2023 жылы 4,7%-ға дейін, ал 2024 жылы 5,1%-ға дейін өседі.

Еуропа мен Орталық Азияда жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 6,1% болса, 2023-2024 жылдары 6,3%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл ретте Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 6,3% болса, Шығыс Еуропада 5%. Орталық және Батыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 7,7% болды. 2023-2024 жылдары Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде көрсеткіш 6,6%-ға дейін, Шығыс Еуропада 5,1%-ға дейін, Орталық және Батыс Азияда 7,8%-ға дейін артуы мүмкін.

Африка елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 7,1% болды, 2023 жылы ол өзгермейді, ал 2024 жылы 7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінде Солтүстік Африка мен Сахараның оңтүстігіндегі елдер арасында айырмашылық бар: тиісінше 6,4% және 11,3%.

Ең жоғары жұмыссыздық деңгейі араб мемлекеттерінде: 2022 жылы 9,3% болды. Сонымен қатар Парсы Шығанағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) мүше елдерде бұл көрсеткіш небары 4% болды, бұл таңқаларлық емес, өйткені бұлар негізінен мұнай мен газды экспорттаушы елдер (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы). Сонымен қатар ПШАМЫК-қа кірмейтін араб мемлекеттерінде жұмыссыздық деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі —14,3%.

жұмыссыздық

Сурет: ranking.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз