Түркістанда дәріхана сатушысы 300-ден астам трамадолды сатып жіберген

дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 12:42 Cурет: polisia.kz
Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардарадағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардарадағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.

"Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды". Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов

Аталған фактіге қатысты жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: