Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар 16 мыңға жуық шетелдік көлікті заңдастырды

Көліктерді заңдастыру сәтті өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 11:46 Сурет: pixabay
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен брифингте қазақстандықтардың екі апта ішінде қанша шетелдік көлікті заңдастырып үлгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шұғыла Тұрлыбек Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталғанын еске салды.

"Бүгінгі күні 36 мың қазақстандық көліктерін заңдастыруға рұқсат берді. 16 мыңға жуық адам көлігін тіркеп үлгерді". Шұғыла Тұрлыбек

Ол шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын атап өтті.

Өтінімдерді беруге болады:

  • eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
  • екінші деңгейлі банктердің өтініштері арқылы;
  • ХҚКО-да.

13 қаңтарда Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру қалай өтетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: