Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда алты жасар бала жол жиегіндегі шұңқырды жамап, елдің сүйіспеншілігіне бөленді

Талдықорған, бала, жол жиегіндегі шұңқыр, партиот, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2023 14:29 Сурет: Instagram/taldykorganec.insta_
Талдықорғанда кішкентай балақай жол қызметіне көмектеспек ниетпен 6-шағын аудандағы жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқырды өз күшімен жамап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Баланың бұл тапқырлығы Қазнет қолданушыларын тәнті етті:

  • "Осы бала құрлы жоқпыз. Бір-бірімізге сілтеп отыра береміз. Бұл мемлекет әкімдіктікі емес, барлығымыздың ортақ жеріміз".
  • "Кішкентай қолдарыңнан айналдым!"
  • "Бала жарады. Шалынып жығылудан шаршаған болса керек".
  • "Өркенің өссін балам!"
  • "Болашақ әкім!"


Талдықорған қаласының әкімдігі ұлын патриот етіп тәрбиелеген ата-анаға алғысын білдірді.

"Міне, еліміздің ертеңі! Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әр азамат қолында барды қастерлеп, бағалай білуі керек. Бұл баланың жүрегінде тұтанған туған жерге деген махаббат сәулесі жалынға айналады деп үміттенеміз". Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: